Медициналық сақтандыру: Астаналықтар неге көп шағымданады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жылы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» өткен жылы елордалықтардан 4348 шағым түскен. Бұл туралы ҚазАқпарат Қорға сілтеме жасап хабарлайды.

«Көбінесе азаматтар медициналық қызметтердің қолжетімсіздігіне шағымданады: салалық бейінді мамандар, диагностикалық қызметтер, учаскелік қызметтің (жалпы тәжірибелік дәрігер, терапевт-дәрігер, педиатр қабылдауын ұзақ күту, жедел жәрдем бригадасын ұзақ күту (31,8%). Екінші орында – медициналық көмек сапасының төмендігі (30,4%). Сондай-ақ медициналық көмек көрсетуден бас тарту (5,3%), медициналық көмекті ұйымдастыру (4,9%), дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуден бас тарту (4,3%), медициналық әдеп/этика мен деонтологияның бұзылуы (4,3%), көрсетілмеген қызметтер бойынша жалған жазбалар – медициналық ұйымның ақпараттық жүйелеріндегі сенімсіз ақпарат (3%) және т.б. Шағымдар негізінде өткен жылы 200-ден аса жоспардан тыс мониторинг жүргізілді. Жүргізілген жоспардан тыс мониторинг нәтижелері бойынша 155 кемшілік анықталды», - деп атап өтті ӘМСҚ елорда филиалының директоры Н.Қабдықапаров.


Соңғы жаңалықтар