Медициналық сақтандыру: 486 мыңнан астам кемшілік анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Медициналық сақтандыру қоры 2021 жылдың 6 айында медицина ұйымдарындағы 486 мыңнан астам кемшіліктерді анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мониторинг нәтижелері бойынша 2021 жылдың 6 айында Қор сарапшылары 486 мыңнан астам кемшліліктерді (деффект) анықтады. Салыстыра қарағанда, өткен жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 461 мың болған.

Бұрмалау әрәкеттерінің басым бөлігін (74,4%) мамандар халыққа консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсету бойынша анықтады. Бұдан әрі, сарапшылардың деректеріне сүйенсек, көмек/қызметтер көлемінің негізсіз артуы - 67,0%, емдеу-диагностикалық іс-шаралардың стандарттардан, денсаулық сақтау саласындағы ережелерден/клиникалық хаттамалардан негізсіз ауытқу фактілері - 16,4%, медициналық құжаттаманы дұрыс ресімдемеу -11,3%, осы секілді кемшіліктерге жол берілген.

Сондай-ақ, осы жарты жыл ішінде 11,3 мыңнан астам медициналық қызмет көрсету жағдайы расталмағаны анықталды, бұл анықталған бұрмалаушылықтардың жалпы санының 2,3%-ын құрайды. Өңірлер арасында «жазбалар» көбінесе Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында және Жамбыл облысында, ең азы БҚО, Атырау, Қостанай және Ақмола облыстарында кездеседі.

«Құқық бұзушыларға» қатысты барлық денсаулық сақтау субъектілеріне айыппұл санкциялары қолданылды.

Медициналық ұйымдардың көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына қатысты міндеттемелері шарттық қатынастардың маңызды бөлігі және Қор олардың орындалуын талап етуге құқылы. Айта кетейік, осы жылдан бастап Қор проактивті мониторинг жүргізу тәжірибесін енгізді, яғни қызмет жеткізушінің шарттық міндеттемелерін орындамау фактілері анықталған кезде, оларды жоюға-түзетуге, тиісінше орындауға қорытындыға қол қойылған күннен бастап 45 күнтізбелік күн беріледі. Егер кемшіліктер мерзімінде түзетілмесе, медициналық ұйымға айыппұл салынады.

Егер пациент өзі алмаған қызметтің жазылу фактісін өз бетінше анықтаса, ол туралы Медициналық сақтандыру қорына хабарлау қажет. Шағым немесе өтініш беру үшін 1406 телефонына немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы хабарласуға болады.


Соңғы жаңалықтар