Медициналық сақтандыру: 2019 жылы кім қанша теңге аударуы тиіс

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының астаналық филиалы бірыңғай жиынтық төлем жасайтын елордалық тұрғындардың медициналық қамсыздандыруды қалай алатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бірыңғай жиынтық төлем: кім қанша төлейді?

2019 жылдың қаңтар айынан бастап, елімізде Бірыңғай жиынтық төлем - жаңа төлем жүйесі енгізілді. БЖТ төрт міндетті төлемді: жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарнасын, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жасалатын төлемді біріктіреді. Бұл төлем жүйесі жеке қосалқы шаруашылық жұмысшыларына, отбасылық кәсіптің ақы төленбейтін жұмысшыларына және жұмысшылары жоқ кәсіпкерлерге арналған.

Яғни, өзін-өзі жұмыспен қамтыған елорда тұрғындары бірыңғай жиынтық төлем арқылы Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыса алады.

Республикалық маңызы бар қалалар үшін БЖТ көлемі - 1 АЕК (2525 теңге), өзге елдімекендер үшін (аудан, ауыл) - 0,5 АЕК.

Биылғы жарна көлемі қандай?

2019 жылы астаналық жұмыс берушілер қызметкер табысының 1,5% көлемінде медициналық сақтандыру жарнасын өз қаражатынан төлейді. Төлем бойынша бірқатар шектеулер бар: егер қызметкер ең төменгі жалақыдан 10 есе және одан да көп еңбекақы алса, жарна ең төменгі жалақының 10 есе көлемі бойынша ғана төленеді.

2020 жылдан бастап, жұмыс берушілер мен өзге азаматтар қанша теңге төлейді?

Астаналық жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін жарна төлеуді жалғастырады және жұмыс беруші есебінен 2% және қызметкер қаражатынан 1% аударады. Жеке кәсіпкерлер өзі үшін ең төменгі жалақының 1,4 еселенген көлемінің 5% төлейді. Ал мемлекет 2020 жылдан бастап, азаматтардың 13 санаты үшін жарна төлей бастайды. Бұл - балалар, зейнеткерлер, ҰОС ардагерлері мен мүгедектері, көпбалалы аналар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, жүктілік демалыстағы аналар, мүгедектер мен мүгедек-балаларға қарайтын тұрғындар, тіркелген жұмыссыздар, интернат тәрбиеленушілері, студенттер, қамаудағы адамдар және жұмыс істемейтін оралмандар.

Медициналық сақтандыру қорына өздігінен жарна төлеп жүргендер, яғни ресми тіркеуі жоқ тұлғалар 2020 жылдан бастап, ай сайын ең төменгі жалақының 5% төлеп отырады. Медициналық сақтандыру қорына түскен барлық қаражат Астананың медициналық мекемелері көрсететін медициналық қызметтердің төлеміне жұмсалады.

Автор:

Дамир Байманов

Соңғы жаңалықтар