Медициналық оқу орындарының 80% құрал-жабдығы тозған – министрлік

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде халықаралық стандартқа сай сертификаттаудан өткен сынақ зертханаларының болмауы өнімнің экспортына кері әсерін тигізіп отыр. «Ашық» НҚА порталында жарияланған «Ғылым және технологиялық саясат туралы» ҚР Заңының жобасына арналған реттеу саясатының консультативтік құжатында осылай жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Медициналық жоғары оқу орындарының құрал-жабдықтарының 80%-ы тозған. Сондықтан бұл зертханаларды қайта жарақтандыру мәселесі айрықша маңызды. Сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін материал жинау орнында, басқа өңірлік жоғары оқу орындарында да осындай молекулалық-генетикалық зертханалар құру қажет. Зертханаларды жарақтандыру үшін молекулярлық-генетикалық зерттеулерге арналған құрал-жабдықтар болуы керек және медициналық жоғары оқу орындарының базасында биобанктерді құру аса маңызды. Көптеген зертханалар сынама жұмыстары кезінде жабдықты тек бір рет тұтыну үшін сатып алады, кейін жабдық жұмыс істемейді», - деп мәселе жазылған құжатта.

Министрлік дерегінше, сонымен бірге халықаралық стандартқа сай сертификаттаудан өткен сынақ зертханаларының болмауы - өнімнің экспортына кері әсерін тигізіп отыр. Мәселенің шешімі ретінде ведомство тиісті инфрақұрылымы және білікті қызметкерлері бар кәсіби мамандандырылған орталықтар құруды ұсынып отыр

Консультативтік құжат 30 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.

Соңғы жаңалықтар