Медициналық мекемелерде видео түсіруге қойылған шектеу алынып тасталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша Медициналық мекемелерде дыбыстық, бейне жазба жүргізугіе қойылған шектеу алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бас санитар дәрігердің № 38 қаулысындағы 3-тармақты 2) тармақшасы алып тасталсын», - деп жазылған жаңа қаулыда.

Аталмыш №38 қаулыда медициналық мекемелерде пациенттер мен медицина қызметкерлерінің келісуінсіз оларға аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге шектеу салынаты айтылған болатын.

«Денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде пациенттер мен медицина қызметкерлерінің келісуінсіз оларға аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге шектеу салынсын», - деп жазылған қаулы мәтінінде.

Сонымен қатар, коронавирус науқастарымен байланыста болған адамдарды оқшаулау тәртібі өзгерді.



Соңғы жаңалықтар