Медициналық масканың орнына оксолин майын сатып алу ұсынылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан дәріханаларында вирусқа қарсы барлық препараттар жеткілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Фармацевтикалық қызметті қолдау жəне дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова айтып берді.

«Парацетамол, ацикловир, оксолин майы секілді вирусқа қарсы барлық препараттар дәріханаларда жеткілікті. Кез келген вирустық аурудың алдын алу үшін жеке гигиенаны сақтау қажет және оксолин майы өте жақсы көмектеседі. Маскалар бойынша мәселе туындағанда, Оксолин майын сатып алған анағұрлым тиімді. Одан да басқа аурудың алдын алатын препараттар бар және барлығы дәріханаларда жеткілікті», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз қызметінде.

Бұған дейін дəрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының» бас Директоры Арнұр Нұртаев еліміздегі медициналық маска жетіспеушілігі мәселесін түсіндірген еді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта әлемде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 90 893 адам және одан 3110 адам көз жұмды.

Соңғы 48 сағатта Қытайдан тысқары жерде тіркелген 1848 науқастың 80%-ы үш елге тиесілі: Иран, Италия және Оңтүстік Корея.



Соңғы жаңалықтар