Медициналық анықтамаларды қолдан жасаған алаяқтар сотталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада медициналық анықтамаларды қолдан жасаған аляқтар 2 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәілметінше, осы жылыдң мамыр айында медициналық құжаттарды қолдан жасаған қылмыстық топты ұсталды. Оларды тінту барысында 086 үлгісіндегі медициналық анықтаманың 200-ден астам бланкілері, 190-ға жуық санитарлық кітапша, медициналық мекемелер мен дәрігерлердің 80-нен астам мөрлері, медициналық анализдердің нәтижелері, флюрографиялық суреттер, медициналық диагноздар жазылған кітапша және тағы басқа заттар тәркіленген болатын.

«Астана қаласы Алматы аудандық соты азаматша А.Аманшина, А.Мамашов бастаған топпен алдына ал ымыраға келе отырып, бірнеше мәрте Астана қаласының медициналық мекемелерінің атынан қолдарында бар жалған мөрлер мен штамптарды пайдалана отырып, азаматтардың медициналық тексеруден өткендігі туралы жалған құжаттар әзірлеген. Сот отырысы барысында айыпталушылар кінәларын мойындады», - деп атап өтілген агенттік хабарламасында.

Сот айыпталушылардың өз кінәларын мойындауын, қылмыстық құқық бұзушылықтың деңгейін және басқа да жағдайдарды ескере отырып, аталған тұлғаларды ҚР Қылмыстық кодексінің 385 бабы 2 тармағы бойынша 2 жылға бас бостандықтарын шектеу туралы жаза тағайындаған.
Статисткалық деректерге сәйкес, бүгінде Астана бойынша 11 емxананың 086 үлгісіндегі медициналық анықтаманы беруге рұқсаты бар. 2017 жылы аталған мекемелерде 30 мыңға жуық анықтама берілді. Әрбір анықтаманың бағасы - 7 мың теңге.

Ал қылмыстық топ күніне 10 жалған медициналық анықтама беріп отырған. Сонда бір ғана қылмыстық топ жылына 3 650 анықтама жасаған. Яғни, Астананың емxаналары бір жылдың ішінде 25 550 000 теңгеден қағылып отырған.

Осыған орай агенттік басшысы екі мекемеге - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ұсыным хат жолдаған. Біріншіден, Денсаулық министрлігіне үлкен ақпараттық базаны жасау қажет. Екіншіден, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі жұмыс берушінің жеке жауапкершілігін енгізуі керек.

Соңғы жаңалықтар