+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Медицина саласында бұрынғы қателіктерді қайталауға жол бермеу керек - Сенат спикері

2015 жылғы 20 қараша 12:41
Бөлісіңіз:
Медицина саласында бұрынғы қателіктерді қайталауға жол бермеу керек - Сенат спикері

АСТАНА. ҚазАқпарат - Медицина саласында бұрынғы қателіктерді қайталауға жол бермеу керек. Бүгін Парламент Сенатында өтіп жатқан Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрімен кездесу барысында сөз сөйлеген палата спикері Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті.

«Қазіргі таңда Парламент Елбасы айқындаған бес институттық реформа аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын заңнамалық қамтамасыз ету жұмыстарының негізгі бөлігін аяқтады. Президент реформаларының шеңберінде депутаттар «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңды қабылдады. Ендігі жағдай осы жүйенің қалай жұмыс істеуіне байланысты болады. Сондықтан да, осы саладағы бұрынғы қателіктерді қайталауға жол беруге болмайды», - деп атап өтті Сенат Төрағасы.

Оның айтуынша, елімізде алғашқы медициналық санитарлық көмекті күшейтуге және жекеменшік медицинаның дамуына қолдау көрсетуге баса назар аудару қажет. Медициналық мекемелерде корпортивтік басқару жүйесін енгізудің маңызы да зор болып табылады.

«Сондықтан да барша қоғам салалық министрлік пен басқа да жауапты органдардан Елбасы реформаларын сапалы түрде іске асыруды талап етуге құқылы», - деді Қ.Тоқаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT