Медицина нысандарының құрылысына қатысты нормативті қайта қарау қажет - сенатор Бектаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев денсаулық сақтау нысандарының құрылысына қатысты нормативті қайта қарастыру қажеттігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізге көптеген адам жүгініп жатады. Әсіресе, халық тығыз орналасқан Түркістан облысынан көп. Айталық, таяуда 350 мың адам тұратын Жетісай аудандық мәслихатынан хат келіп түсті. Барлық ауылда аруханаларды жауып тастағандықтан олар аудандық ауруханаға баруға мәжбүр. Ал оның келушілерді қабылдау мүмкіндігі шектеулі», - деді ол бүгін Сенаттағы «Өңір» депутаттық тобының отырысында.

Депутат аудан орталығының ауруханасы 350 мың адамға медициналық қызмет көрсетуге қауқарсыз екендігін айтты. Сондықтан ол еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселеге назар аударып, осыдан 10 жыл бұрын қабылданған ауруханалар мен емханалар салуға қатысты нормативті қайта қарастыру қажеттігін атап өтті.

«Ол кезде бюджетте қиындықтар болды, жетіспеді. Сондықтан жер шалғайлығынан (медициналық мекемелерді - авт) жауып тастадық. Қазір бұл мәселені қайтадан қарастыру қажет, халық саны артып келеді, көші-қон да жақсы»,- деді Ә.Бектаев.

Соңғы жаңалықтар