Медицина қалдықтарын жою талаптарын бұзғандарға 186 айыппұл салынды - Қызылорда

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында медициналық қалдықтарды жою талаптарын бұзғандарға 8 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы жылдың 6 айында облыстағы денсаулық сақтау объектілеріне медициналық қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, залалсыздандыру, тасымалдау және жоюдағы санитариялық қағидалардың сақталуы бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Ерекше тәртіп негізінде жүзеге асқан тексеру нәтижесінде 186 айыппұл салынды. Олардың жалпы мөлшері 8,5 млн теңгені құрайды. Сондай-ақ 32 санитарлық ұйғарым беріліп, барлығы дерлік уақытылы орындалды.

«Медициналық қалдықтармен жұмыстың дұрыс жүргізілуі Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті нің тұрақты бақылауынд. Проблемалық мәселелер мүдделі органдармен бірлесіп тұрақты түрде талқыланады», - деп мәлім етті ведомстводан.

Облыс көлеміндегі медициналық ұйымдардың барлығында медициналық қалдықтарды жинауға бірреттік су өтпейтін пакеттер мен сыйымдылықтар қолданылады. Өткір, үшкір қалдықтарды жинау қауіпсіз жою және жинау контейнерлерінде жүзеге асырылады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада биыл жіті ішек инфекциясын жұқтырушылар көбейді.



Соңғы жаңалықтар