Медицина ғалымдары ер адамның бедеулігі мәселесін талқылады

None
None
ОРАЛ. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Ер адамның бедеулігін емдеуге ерекше назар аудару қажет.

Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық ауруханасында «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Ер адамның денсаулығы» атты арнайы іс-шара барысында айтылды.

Оған Алматы қаласындағы С.Асфендьяров атындағы Қазақ ұлттық университетінің және Б.Жарболсынов атындағы урология ғылыми орталығының ғалымдары қатысты. Академик, эндокринолог Михаил Зельцер, уролог-андролог, профессор Темірлан Хұсайынов, профессор, медицина ғылымдарының докторы Дулат Полимбетов, медицина ғылымдарының кандидаты Қайрат Қабдолдин облыста екі күн болып, 100 адамды медициналық тексеруден өткізді. Олардың 85-і - ересек, 25-і - балалар мен жасөспірімдер.

Қазіргі таңда ер адам бедеулігі мәселесі өте өзекті болып отыр. Осы бағытта 2007 жылы ҚР Президенті жанындағы отбасы жә­не гендерлік саясат жөнінде­гі ұлт­тық комиссиясының қол­дауымен құрылған «Ер адам және ұрпақ әкелу саулығы» бағдарламасын жүзеге асыру, медицинадағы алдыңғы қатар­лы технология мен жаңа дәрі­лік препараттарды қолданысқа енгізу, уроандрологиялық ауру-сырқауды емдеуді жетілдіру мәселелері туралы ой бөлісті.

Темірлан Хұ­сайыновтың айтуынша, өкінішке орай, бүгінгі күнге дейін ер адам бедеулігі туралы мәселе кейінге ысырылып келді. Барлық ауру бала кезден басталады. Дамудың жылдам ырғағы ер адам денсаулығына кері әсер етуде. Оралда тексерілген 85 ер адамның 25-30 пайызынан бедеулігі анықталды. Бесеуі онкологиялық дертке шалдықса, қалғандарының уро­логиялық ауру-сырқауы бар. Статистикалық мәліметтер ер адам бедеулігі әйел бедеулігін «қуып жеткендігін» көрсетіп отыр . Себебі ерлердің жыныс жүйесі ауруларына диагноз өте кеш қойылуда. Еліміздің көп облысында залалды қалдық шығаратын кәсіпорындар жұмыс істеп тұр. Яғни лас экология және қант диабеті сияқты ауруға шалдығу біраз ер-азаматтың төсек қабілетін жоюға әкелді. Біз 9 облыста медициналық зерттеу жүргіздік. Нәтижесінде 2888 адам қаралып, оның 2478-нен уроандрология аурулары анықталды.

Б.Жар­бол­сынов атындағы уроло­гия ғылыми орталығы негізін­де республиканың бас урологы М.Алшын­баевтың же­тек­ші­лі­гімен құрылған «Ер адам­ның денсау­лығы» бағдарламасы ая­­сын­да республика бойынша ау-
қым­ды жұмыстар қолға алы­нуда. Жақын жылдарда Астана қаласында «Ер адам денсаулығы және отбасылық ұзақ ғұмыр» орталығы ашыл­мақ. Күні бүгін еркек бедеулігімен күресу және олардың қабілетін ұзартуға арналған орталық еліміздің жеті облысында жұмыс істеп тұрса, осы тізімге жуық арада тағы да бес ірі облыс қосылмақ. Ал батыс аймаққа келетін болсақ, алдағы күндерде Ақтөбе қаласында ор­талық немесе Оралда кеңестік-диагностикалық кабинет ашыл­мақшы.

Бүгінгі таңда андрология бағыты бойынша барлық облыста скрининг өткізілуде. Нау­қас деп танылған адамдарды емдеу жергілікті жерлерде жүзеге асады. Ал ауыр түріне шалдыққандар квото арқылы республикалық орталықтарда ем-дом алатын болады.

«Андрология саласын дамы­ту үшін маман дайындау - ең бас­-
ты мәселе. Жыл сайын 2-3 дәрігер шетелде білімін жетілдіруде. Андроло­гия бағытындағы жаңалықтар мен озық тәжірибелерді елімізде қолданудамыз. Аудан, облыс ан­дрологтарын оқыту бағ­­дар­ламасы жасалды. Бола­шақ­та Оралға жиі келіп, шеберлік кластарын да өткізетін боламыз»,- деді Т.Хұсайынов.

Ғалымдар өздері аралаған 7 облыстың бірінде де балалар уролог-дәрігерінің жоқтығын, ал Оралда екі бірдей маманның нәтижелі жұ­мыс істеп отырғанын жеткізді.

«Облыста урология аурулары, мысалы қуық асты безінің ісігі (аденома), салқын тиген, балалардың жыныс мүшесінің кеш дамуы тәрізді аурулар бар. Енді ер адам бедеулігін зерттеу мен емдеу қолға алынбақ», - деді облыстық кли­никалық аурухананың урология бөлімшесінің меңгерушісі Әділжан Жомартұлы.

Соңғы жаңалықтар