Медицина бойынша Нобель сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ХОВАР - АЗЕРТАДЖ - ҚазАқпарат – Физиология және медицина бойынша 2021 жылғы Нобель сыйлығын температураны және жанасуды сезетін жаңа рецепторларды ашқан ғалымдар алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ховар агенттігіне сілтеме жасап.

Медицина бойынша 2021 жылғы Нобель сыйлығын Дэвид Джулиус пен Ардем Патапутянның алғаны туралы бүгін 4 қазан күні Стокгольмде белгілі болды. Хабарландыру трансляциясы сыйлықтың Twitter-дегі ресми аккаунтында көрсетілді.

Джулиус – Сан-Францискодағы Калифорния университетінде жұмыс істейді, физиолог. Ол ментол, қыша майы мен капсаицинге әрекет ететін рецепторларды зерттеуші ретінде белгілі.

Патапутян – Скриппс ғылыми-зерттеу институтының биологы. Ол температураға, ұстағанға және торлар көлемінің үлкеюіне белсене түсетін иондық каналдар мен рецепторларлы зерттеумен айналысады.

Өткен жылы осы номинация бойынша Нобель сыйлығын С гепатитін ашқан Харви Ольтер, Чарльз Райс және Сайкл Хаутон алған еді.

Сыйлық иегерлеріне 10 млн крон (1,5 млн доллар) беріледі.

Ал Азертадж агенттігінің мәліметінше, басқа номинациялар бойынша жеңімпаздар осы аптада белгілі болады: 5 қазанда физика бойынша шешім шығарылады, 6 қазанда химия, 7 қазанда әдебиет номинацияларының иегерлері анықталады. 8 қазанда Ослода Әлем сыйлығының лауреаты белгілі болады. Ал экономика бойынша жеңімпаздың есімі 11 қазан күні аталмақ.

Еске сала кетейік, 4 қазаннан бастап 2021 жылғы Нобель сыйлығының лауреаттары жария етіле бастайды. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты сыйлық 10 желтоқсан күні 10 елде табысталады. Марапаттау рәсімі жылда Стокгольмде өтетін.


Соңғы жаңалықтар