+7 (701) 759 90 19
USD 418.67 EUR 507.64
RUB 5.71 CNY 64.74
Jańalyqtar

Media құрылтай: YouTube кеңістігінде қазақ тіліндегі контентке сұраныс артып келеді

2019 жылғы 28 қараша 17:53
Бөлісіңіз:
Media құрылтай: YouTube кеңістігінде қазақ тіліндегі контентке сұраныс артып келеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда БАҚ қызметкерлеріне арналған дәстүрлі Media құрылтай өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада жасөспірімдердің үйден кетіп қалу дерегі көбейген Талғат Қалиев: 30 пайыздық квотамен жастардың саяси істерге араласу деңгейі көтерілді Қазақтың «Тақиялы періштесі» өмірден озды

Медиа саланың сарапшылары журналистикадағы заң, медиа бизнесті басқару мәселелерін сөз етті.

Панельді жиындардың бірінде YouTube платформасының дамуы сөз болды.

Медиа сарапшылардың айтуынша, YouTube желісінде канал ашқан қазір тиімді.

«YouTube – Қазақстандағы №1 телеарна. Мұнда жақсы қаражат табуға болады», - деді «Salem social media» бас директоры Александр Аксютиц.

Оның айтуынша, Қазақстандағы 18 млн халықтың 12 миллионы YouTube-тың тұрақты қолданушысы.

«Қазақстанда балалардың 80 пайызы қазақ мектебіне барады дедік. YouTube бизнесін дамытам десеңіз, орыс тілін ұмытуыңыз керек. Аудиторияның басым көпшілігі қазақ тілді. Тұрақты ұзақ мерзімді жобалар керек болса, қазақша болғаны тиімді. Подкаст түсіргілеріңіз келсе, қазақша түсіргендеріңіз дұрыс», - деді спикер.

Ал жиынға қатысқан журналистердің бірі, YouTube кеңістігінде бірнеше жобаның авторы Аман Тасыған балаларға арналған қазақ тіліндегі контентке қызығушылық жоғары екендігін айтты.

Сарапшылар көрілімдердің санын арттыру, монетизация мәселесін көтерді.

«Бір бағдарлама 500 мың теңге тұрады. Бұған 4 камера, жарық, дыбыс, залды жалға алу кіреді», - деді белгілі блогер Әлішер Елікбаев.

«Біз Қазақстанда қазақ тілді аудиторияның өсіп келе жатқанын байқап отырмыз. Қазақтілді контенттің сапасы жоғары болғаны дұрыс», - деді Арманжан Байтасов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT