Медиа-2020: Жалған ақпараттармен күресті бастауыш сыныпта үйрету керек

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Заманауи технологиялар мен жекешелендірулер әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының беделін азайтты. Бұл пікірді франциялық сарапшы, журналист Джон Магуайр Астанада өтіп жатқан "Медиа-2020" конференциясында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"44 жыл бұрын журналистикаға алғаш келгенімде өміріміз мүлдем басқаша болды. Ұялы телефондар болған жоқ, интернет пен әлеуметтік желілер де жоқ. Ол кезде Қазақстан деген елдің бар екенін білмедім. Тек Кеңес одағы мен АҚШ қарым-қатынасының жайсыз екенін білетінбіз. Қазіргі әлемде болып жатқан оқиғалар да сол кезеңді еске түсіреді. Бір ғана айырмашылық - 44 жыл бұрын журналистердің беделі бар еді. Баспасөзді халық құрметтейтін. Ал қазір әлемде БАҚ-қа деген сенімнің азайғанын байқап отырмыз. АҚШ-та дәстүрлі хабар тарату жағы осал, онда барлығы жекешелендірілген және ақшаға келіп тіреледі. Киберкеңістіктің әр бұрышында отырған адамдар бір-бірінің пікірін тыңдамайды, бірін-бірі ұғынғысы келмейді. Адамдар планшет, телефон, компьютер арқылы кез келген жерден-ақ қалаған ақпаратын ала алады. Медианың рөлі азайып барады", - деді ол.
null 

Шетелдік сарапшы бұл мәселенің шешімі - арнайы ынтымақтастық құру деп есептейді. Яғни, қораптан шығып, өзгелерге құлақ түру қажет.

Сондай-ақ, сарапшының пікірінше, жалған ақпараттарға қарсы тұру үшін, балаларға ерте жастан медиа туралы білім берген жөн.

"Жалған хабарлармен күресу үшін француз телевизиялық станцияларында "Рас па өтірік пе?" деп аталатын бағдарлама көрсеттік. Бұл 15 минуттық бағдарлама күн сайын беріледі және ақпараттың рас-өтірігін қалай анықтау қажеттігін үйретеді. Онда нақты мысалдар келтіру арқылы ересектер мен балаларға түсінікті тілде ақпар беріледі. Бұл тұрғыда француз билігі бастауыш сыныптан бастап, балалармен жұмыс істей бастайды. Себебі балаларға күнделікті толассыз ақпараттар келіп түседі, оларға медиа туралы білімді беру өте маңызды. Біз журналистерді мектептерге жібереміз және балаларды өз бөлімдерімізге шақырып, қалай жұмыс істейтінімізді көрсетеміз. Осылайша, олар түрлі ақпарат көздерінен сенімді ақпарат алуды үйренеді", - деді Джон Магуайр.

null 

Соңғы жаңалықтар