Медиа-2020: Орталық Азия БАҚ-тарының одағын құру ұсынылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан "Медиа-2020" форумында жалған ақпараттармен күресу үшін Орталық Азия БАҚ-тарының одағын құру ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Батыс пен Шығыс танымы арасында айырмашылық көп, екеуі екі әлем. Бүгінгі таңда өз елдерімізде және халықаралық жиындарда осы мәселені талқылауымыз қажет деп есептеймін. Бір қытайлық өкілдің айтқан сөзі бар. «Батыс медиасы Қытай жаңалықтарын жеткілікті дәрежеде көрсетпейді, керісінше әлсіз тұстарын әшкерелегісі келіп тұрады» дейді ол. Тәуелсіз зерттеулер нәтижесі де әлемдегі беделді БАҚ-тардың үнемі объективті бола бермейтінін көрсетті. Бір жағынан Батыс елдері Қытайдың, ислам елдерінің журналистикасын суъбективті деп айыптайды. Осының барлығы ортақ алаңда талқылануы керек және оңды контентке қол жеткізу үшін дұрыс медиаландшафт құруымыз қажет», - деп атап өтті All India радиосының бас директоры Файяз Шехрияр.

Өз кезегінде форум модераторы, Қазмедиа орталығы төрағасының орынбасары Ерлік Қаражан орталықазиялық БАҚ одағын құру бастамасын көтерді. Бұл ұсынысты «Хабар» агенттігінің төрағасы Алан Әжібаев қолдады.
null 

«Медиатоптар өзара серіктестік орнатып, ақпаратпен және контентпен алмасқанда, ақпараттың дұрыстығына деген сенім де арта түседі. Өңірлер үшін көрерменге шынайы ақпаратты жеткізу маңызды», - деді Алан Әжібаев. 

Форумның ашылу салтанатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Нұргүл Мауберлинова дамушы елдердің ақпараттық ағынындағы Орталық Азия рөлін қайта қарау қажеттігі жөнінде айтты.

Айта кетейік, Астанада ұйымдастырылған «Азия медиа диалогына» әлемнің 40 елінен 150-ден астам делегат келді. Форум бағдарламасы үш ірі шарадан құралған: «Азия елдеріндегі радио», «Азия ән фестивалі» және «Медиа 2020» форумы. Форум сессияларының бірі фейк-жаңалықтарға арналады.

null 

Соңғы жаңалықтар