«Медеудің» экс-директоры Алматының хайуанаттар бағын басқаратын болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ержан Еркінбаев Алматы хайуанаттар бағының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Еркінбаев 2002 жылы Қазақ мемлекеттің заң академиясын тәмамдаған.

2003-2005 жылдары Еркінбаевтың басшылығымен Mariott Aktau Hotel», «Mariott Atyrau Hotel», «Mariott Executive Apartments Atyrau» сияқты қонақ үй кешеніндегі жобалар жүзеге асырылған болатын. Ол сондай-ақ, Қазақстанның сыртқы туризмін дамытуға үлесін қосып, Берлин, Лондон, Мадридтегі халықаралық көрмеге Қазақстанды таныстырған болатын.

2013 жылы Алматы қаласының басшылығы Ержан Еркінбаевты «Медеу» спорт кешенін басқаруға тағайындаған. Еркінбаев қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін еркін меңгерген. Үйленген, бір қызы мен бір ұлы бар.

Айта кетейік, қараша айының басында Алматы хайуанаттар бағының директоры болған Қанат Кәрімов қызметіен кететінін мәлім еткен еді. Кәрімов бұл лауазымды бір жылға жуық уақыт қана атқарды.

Соңғы жаңалықтар