Медеудегі әйгілі баспалдақта жарыс өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Медеудегі 800 сатылы баспалдақта әуесқойлар арасында жарыс өтеді. Бұл туралы спорттық ХАБ хабарлады.

Жарыс «Спорттық Алматы» шарасы аясында 23 қыркүйекте өтеді.

«Сайысқа медициналық шектеуі жоқ кез келген адам қатыса алады. 7 жастан асқан баласы бар отбасылар арасында да топтық жарыс өтеді. 7-12 жас арасындағы балалар 100 сатыға дейін жарысады. 60 жастан асқан қариялар да осы қашықтықты бағындырады. Сонымен қатар, қатысушылар 100, 200, 300, 500 және 841 баспалдақпен жүгіруден бақ сынайды», - деді баспасөз қызметіндегілер.

Қатысу тегін. Тіркелу сол жерде сағат 08:00-ден басталады. Спорттық шара 10:15-те басталып, әр жас санаты бойынша 10-15 адамнан белгілі бір уақытта жіберіледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер үздік нәтижелер бойынша, барлық жас ерекшеліктеріне байланысты анықтылатын болады. Олар медал және дипломдармен марапатталады, ал белсенді қатысушыларға жарыс ұйымдастырушылары мен серіктестері атынан сыйлықтар табысталады.

Соңғы жаңалықтар