+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Медеуде шлагбаумы бар ақылы көлік тұрағы пайда болады

2021 жылғы 3 наурыз 14:30
Бөлісіңіз:
Медеуде шлагбаумы бар ақылы көлік тұрағы пайда болады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат-15 наурыздан бастап «Медеу» спорт кешені жанындағы көлік тұрағы ақылы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Алматы паркинг» компаниясының Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлда тепловоз автокөлікпен соқтығысты Ресейдің Ростов облысында жол апатынан бес адам қаза тапты Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артты

Автотұрақ 191 көлікке арналған. Келушілер бір сағат үшін 100 теңге төлейді. Ол тәулік бойы жұмыс істейді.

Автотұрақта қоршаулар, шлагбаум, халықаралық стандарттарға сәйкес белгілер бар. Көлік тұрағының ақысын паркомат көмегімен немесе онлайн-төлемнің барлық түрі – «Алматы тұрақтары» қосымшасы, мобильді банкинг, QIWI терминалдары және SMS арқылы төлеуге болады.

«Демалыс күндері «Медеуге» баратын жүргізушілер ыңғайсыздыққа тап болып жатады. Автотұрақта орын жетпейді, кешенге кіреберістер қоқысқа толады. Автокөлік иелеріне толық жабдықталған автотұрақтың пайда болуы жеке көлік құралдарын пайдалану кезінде ыңғайлы болады, сонымен бірге тұрақ ережесін бұзатындар азаяды», - деп атап өтті компаниядағылар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT