Медеу, Шымбұлақ және Көк-Төбе келушілер үшін жабылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімдігі Медеу, Шымбұлақ, Көк-Төбе нысандарын уақытша жапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елде жарияланған Төтенше жағдайға байланысты 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында Алматы әкімдігі Медеу, Шымбұлақ, Пионер, Көк-Төбе сияқты туристік нысандарды жабу туралы шешім шығарылды. Сонымен қатар, COVID-19 эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша Алматыда ішкі туризм мен Алматы агломерациясы аймағында туристік қызмет атқаратын ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады», - деді әкімдіктен.

Сонымен қатар, қалалық Туризм басқармасы туроператорларға эпидемиологиялық ахуалы қолайсыз елдерге бағытталған туристік сапарларды тоқтату туралы ұсыныс айтты.


Соңғы жаңалықтар