Медеу-Шымбұлақ-Үлкен Алматы көліне экотакси қатынайтын болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Медеу-Шымбұлақ-Үлкен Алматы көлі маршруты бойынша экотакси жүретін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін алдымен Медеу-Шымбұлақ туристік маршруты бойынша экотакси қатынайды. Себебі, бұл маршрутта жүретін адам көп. Келешекте Үлкен алматы көлі, Аюсай шатқалына дейін маршрутты кеңейтеміз. Себебі, ол жақта табиғатқа келтіретін зиянды азайту керек», - деді Қоғамдық кеңес отырысында қалалық Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская.

Оның айтуынша, бұл маршруттарда бұған дейін де экотакси жүрген.

«Бұрынғы такислердің де жұмысы жалғасатын болады. Біз экологиялық таза көлік желісін көбейтіп, туристік маршрутты кеңейтіп жатырмыз», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар