Медеу - Шымбұлақ тас жолы жөндеуге жабылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Медеу шлагбаумынан жаңа көпірге дейінгі жол жөндеуге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Медеу шлагбаумынан жаңа көпірге дейінгі Медеу-Шымбұлақ жолы 2 қазаннан 10 қазанға дейін уақытша жабық. Таңғы сағат 8:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін асфальт-бетон төсенішін төсеу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, осыған байланысты көлік қозғалысы шектеледі «, - деп хабарлады «№ 13 жол құрылысы басқармасы» ЖШС.

Бұған дейін, алматылықтар әкімге Медеу-Шымбұлақ жолының сапасыз жөнделуіне шағымданған болатын.


Соңғы жаңалықтар