Медеу-Шымбұлақ тас жолы уақытша жабылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Медеу-Шымбұлақ тас жолы уақытша жабылады, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

25 қазан күні аталған жол бойындағы құздар тастан тазартылады. Соған байланысты жол жабық болады.

«Жолаушылар мен туристердің  қауіпсіздігін сақтау мақсатында  109 қызметі «Медеу-Шымбұлақ» тас жолының аса қауіпті тұстарын тастан тазалайды. Сонымен қатар, тас көшкінін ұстап тұратын бөгеттер жөнделеді», - деді қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

«Медеу» мұз айдыны мен «Шымбұлақ» тау курорты - Алматының ең көрнекті орындары. Мұнда жылына 530 мың адам серуендеуге келеді.

Соңғы жаңалықтар