«Медеу» саябағының экологиялық инспекциясы заңсыз бақылау жүргізіп келген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық прокуратурасы «Медеу» мемлекеттік аймақтық саябағының экологиялық инспекциясының уәкілеттілігі жоқ бола тұра аймақтық бақылау жүргізіп келгендігі анықтады.

Аталған бөлім қызметкерлері бірнеше жылдан бері өздерінің бақылайтын территориясынан тыс аумақтарға да бақылау жүргізіп келген. Инспекторлар түрлі тексерулерге қатысып, акт жасауға, әкімшілік құқық бұзушылық жайлы хаттама толтыруға, жауапты тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартуға ат салысып келген. Қалалық кәсіпкерлер палатасына жақында бірнеше кәсіпорындардан шағым келіп түскен болатын. Аталған деректер бойынша тексеру жүргізген палатаның сарапшысы Майса Абраманованың айтуынша, ҚР Экологиялық кодексінің 116-бабына сәйкес мемлекеттік экологиялық бақылауды ҚР облыстары, республикалық маңызы бар қалаларының, астананың лауазымды тұлғалары ғана жүзеге асырады. «Ал «Медеу» саябағының экологиялық инспекциясы бұл санатқа кірмейді. Бұл кәсіпкерлер мен инспекторлардың арасында сыбайлас жемқорлықтың дамуына түрткі болды», - деді сарапшы. Қалалық прокуратура «Медеу» саябағының директорынан аталған бөлімнің қызметі туралы нұсқаулықты «ҚР мемлекеттік бақылау мен қадағалау» туралы заңнамасына сәйкес қайта қарауды талап етті.

Соңғы жаңалықтар