«Медеу» мұз айдынында сырғанау маусымы қашан ашылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Медеу» мұз айдынында сырғанау маусымы қазан айының екінші жартсында ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының спорт ғимараттары дирекциясының директоры Наиль Нуровтың айтуынша, мұз айдынында барлық санитарлық талаптар сақталады.

«Біз пандемияға байланысты арнайы алгоритм жасадық. Биылғы маусымның басты міндеті - қонақтарымыздың денсаулығына төнетін қауіпті мейлінше азайту. Соныдықтан барлық санитарлық талаптар ескеріліп, оның орындалуы назарда болады», - дейді Алматы қаласының спорт ғимараттар дирекциясының басшысы Наиль Нуров.

Сонымен қатар, ол стадионда күшейтілген дезинфекциялық режим енгізілгенін атап өтті. Касса алдында ұзын-сонар кезек пайда болмас үшін,мұз айдынының әкімшілігі радикалды және тиімді шара қолдады. Яғни, кассалар жұмыс істемейді және кіру билеттерін тек www.medey.info сайты арқылы сатып алуға болады. Мұз айдынына келушілер орталық кіреберіс арқылы кіріп, солтүстік-шығыс қақпасы арқылы шығады.

«Тағы бір маңызды сақтық - келушілердің санын шектеу. Мұз айдынында бір уақытта 2 мыңға жуық қана адам болады. Жаяу жүргіншілер аймағы мен мұздағы әлеуметтік ара қашықтықтың сақталуын қадағалайтын стюардтардың саны едәуір артады», – деп қосты ол.

Айта кетейік, сырғанау маусымның ашылуы ауа райына ғана емес, қаладағы эпидемиологиялық жағдайға да байланысты болады. Мұз айдынына СЭС мамандары толық көлемде тексеру жүргізеді.


Соңғы жаңалықтар