+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Медеу мен Шымбұлаққа электр автобустары жүре бастады

2021 жылғы 14 қазан 14:54
Бөлісіңіз:
Медеу мен Шымбұлаққа электр автобустары жүре бастады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда бүгінен бастап Медеу мен Шымбұлаққа электр автобустары жүре бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында рульге мас күйде отырған 23 адам бас бостандығынан айырылды Өскеменде жаяу жүргіншіні қағып кеткен көлік салдарынан трамвайлар тоқтады СҚО-да жүргіншілер жолағы арқылы жолды кесіп өтпек болған әйелді көлік қағып кетті

13 орындық SAIC MAXUS EV90 экологиялық көлігінің бір реттік қуаты 260 – 280 шақырымға дейін жүруге жетеді.
Алматы қаласында «ELECTRO TAXI» пилоттық жобасының екінші кезеңін іске асыру аясында шағын электр автобустарын «ЭҚС Операторы» сатып алды. Экологиялық көлік сынақтан өтіп, көлік барлық техникалық және экологиялық талапқа сәйкес. Қоршаған ортаға еш зиян келтірмейді.
Шағын электр автобусымен жол жүру құны - 500 теңге. Зейнеткерлер мен жеңілдік санаттары бар азаматтар үшін жолақы - 250 теңге. Ал 7 жасқа дейінгі балалар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жол жүру тегін.
Жолақы төлемін Kaspi қосымшасы арқылы («Такси» бөлімінде), қолма қол ақшалай төлемді «Медеу» ЖСК және «Шымбұлақ» КТ орналасқан төлем терминалы арқылы жүргізуге болады.
Осылайша, «Медеу» мұз айдыны мен «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты аймағында JAC iEv7S маркалы сегіз электромобиль және SAIC MAXUS EV90 екі электр микробусы қатынап отыр. Бұл, әрине, жобаны іске асырудың осы кезеңдегі нәтижесі.
ELECTRO TAXI пилоттық жобасын жүзеге асыру Алматы қаласында экологиялық таза көлік құралдарын (электромобильдерді) пайдаланудың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ «Медеу» мен «Шымбұлақ» нысандарының көпшілікке көрсетер үлгісі болмақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT