Медеу мен Шымбұлақ тестілік режимде жұмыс істейтін болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатқа сәйкес, туризм нысандарының тестілік режимдегі қызметіне рұқсат берілді. Атап айтқанда, 2020 жылдың 19 қарашасынан 30 қарашасына дейін «Медеу» спорттық-сауықтыру орталығында, 2020 жылдың 16 қарашасы мен 30 қарашасы аралығында «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында әрбір сеанс кезінде келушілердің саны 30 пайыздан, ал «Медеу» мұз айдынында бір мезетте 500 адамнан аспауы тиіс.

«Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты мен «Медеу» спорттық-сауықтыру орталығының тамақтану объектілерінің қызметіне залдарда және ашық аспан астында 50 орынға, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр болуына рұқсат етіледі.

Айта кетер жайт, ұжымдық іс-шаралар өткізуге болмайды.

Сондай-ақ, тұрғын үй қызметін (қонақ үй, қонақ үй) ұсыну саласындағы нысандар мен ұйымдарға ПТР тестісіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Ал 72 сағаттан кешіктірмей алынған ПТР тест болған жағдайда, туризм нысандарында (демалыс үйлері, санаторийлер, курорттар, туристік лагерлерге) үш күннен астам уақыт тұруға болады.

Алматының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысымен мына жерден толық танысуға болады.



Соңғы жаңалықтар