Медеу ауданында өткен жылдың 4 айында жеке тұлғалардың 164 нысаны заңдастырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Медеу ауданында өткен жылдың 4 айында жеке тұлғалардың 164 нысаны заңдастырылды. Бұл туралы аудан әкімі Сұлтанбек Мәкежанов халықпен кездесуі барысында айтты.

«Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес ауданда мүлікті заңдастыру бойынша белсенді жұмыстар атқарылып жатыр. Өткен жылдың 4 айында жеке тұлғалардың құны 2 млрд. 778 теңге болатын мүлкі заңдастырылды. Сондай-ақ, қалалық бюджетке түсетін түсімнің артқаны байқалады.

2015 жылдың 1 қаңтарында ауданның салықтық түсімдері 323,7 млрд. теңгені құрады. Оның 249 млрд-ы республикалық бюджетке, 47 және 151 млн. теңге жергілікті бюджетке аударылды. Болжамды көрсеткіш 106,1%-ға орындалды. Айта кету керек, 200 млрд. теңге ШОБ субьектілерінен түсті. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 89,7 млрд. теңгені құрады», - деді аудан әкімі.

Әкім сондай-ақ, білім беру мен әлеуметтік, денсаулық сақтау салаларында өткен жылы тындырылған жұмыстар жайлы баяндап өтті.

Кездесуге келген тұрғындар әкімге көріктендіру, коммуналдық шаруашылық, заңсыз саудамен күрес, білім беру, жол инфрақұрылымы жайлы сауалдар қойды. Өз кезегінде аудан басшысы шешімін таппаған мәселелерді шешуді орынбасарлары мен салалық басқарма басшыларына табыстады.

Соңғы жаңалықтар