+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Медбике, күзетші, жүргізуші – Қазақстандағы жұмыс берушілерге қандай мамандар қажет

2019 жылғы 22 қазан 12:25
Бөлісіңіз:
Медбике, күзетші, жүргізуші – Қазақстандағы жұмыс берушілерге қандай мамандар қажет

НҰР-СҰЛТАН, ҚазАқпарат – Қазақстанда жұмысқа қарағанда, жұмысшыларды көбірек іздейді. Жұмысқа алу туралы 100 ұсынысқа бар-жоғы 69 түйіндеме келеді, деп хабарлайды Finprom.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстауда биыл 10 мыңға жуық жас жұмыспен қамтылды Жұмыспен қамту орталықтарының 500 қызметкері біліктілігін арттырады Елордада «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Сұранысқа ең көп ие мамандықтар – күзетші, көлік жүргізушісі және медбике. Осы жылдың екінші тоқсанының соңында жұмыссыз тұрғындар саны 0,1%, яғни 441,8 мың адамға өсті. Сонымен қатар, жұмыссыздар саны экономикалық белсенді тұрғындардың 1,4% өсуі есебінен бір жыл ішінде 4,9%-дан 4,8%-ға қысқарған.

Аймақтар бойынша алып қарағанда ең көп жұмыссыздар халық тығыз орналасқан Алматыда тіркелген, олардың саны – 50,3 мың адам. Сондай-ақ, жұмыссыз тұрғындары ең көп үш аймаққа Алматы (48 мың адам) мен Түркістан облыстары (42,2 мың адам) кіреді.

Барлық аймақтар ішінде Түркістан облысы, Алматы, Шымкент және Атырау облысы жұмыссыздық деңгейі бойынша орташа республикалық деңгейден жоғары.

Бүгінгі таңда көбі жұмысты арнайы сайттар мен мобильді қосымшалар арқылы іздейді. Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында электрондық еңбек биржасында 169,9 мың бос жұмыс орны жарияланды, ал түйіндемелер саны бар болғаны 116,9 мың болды. 100 бос орынға шаққанда 69 түйіндеме бар. Бұл – елде кадр тапшылығы барын білдіреді.

Электрондық еңбек биржасындағы ең көп сұранысқа ие мамандықтар – күзетші (5,4 мың бос жұмыс орны), көлік жүргізушісі (4,2 мың бос жұмыс орны), мейірбике (4 мың бос жұмыс орны), тәрбиеші (3,9 мың бос жұмыс орны) және бастауыш сынып мұғалімі (3,6 мың бос жұмыс орны).

2019 жылдың екінші тоқсанының соңында жұмыспен қамтылғандардың саны 8,8 млн адамды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен (8,6 млн адам) салыстырғанда 1,5% көп. 15 және одан жоғары жастағы халықты жұмыспен қамту деңгейі 66,7% құрады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Жұмыспен қамту,
Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT