+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Меценат-металлургтер Ақтөбеге Шығармашылық академиясын салып берді

2017 жылғы 1 наурыз 21:01
Бөлісіңіз:
Меценат-металлургтер Ақтөбеге Шығармашылық академиясын салып берді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «ҚазХром» ТҰК» АҚ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Ақтөбеге Шығармашылық академиясын салып берді. Құны 1,8 миллиард теңге болатын жаңа әлеуметтік нысан таяуда пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы Батыс-2 ауданында құрылысы аяқталған Шығармашылық академиясының ғимараты көп ұзамай пайдалануға беріледі. Құрылыс өткен жылы басталды. Мұнда бір мың бала 50-ден астам үйірмеге қатыса алады. Балалар робот техникасымен, әуе, кеме үлгілерін жасаумен шұғылданып, би билеп, ән шырқауды меңгереді. Тіл үйреніп, сурет салады.

«Академия құрылысы аяқталған соң шығармашылықтарын осында шыңдайтын болады. Мұнда заманауи обсерватория, планетарий болады. Теле, радио студияларында мектеп оқушылары журналистика, кино салаларының қыр-сырын үйренеді»,- деді облыстық білім басқармасының басшысы Сәуле Өмірбекова.

Айта кетейік, Ақтөбеге келген Еуразиялық топ директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич құрылыс жұмыстарының сапасымен танысып, жобаны жүзеге асыру үшін қосымша 580 млн. теңге бөлуге уәде берді. Сонымен қатар, биыл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Қазхром» ТҰК» АҚ Хромтау қаласына 320 орынға арналған балабақша салып бермек.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT