Меценат Бауыржан Оспанов ауыл халқына мешіт салып берді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Белгілі меценат, «ZHERSU» инвестициялық-өндірістік корпорациясының бақылау кеңесінің төрағасы Бауыржан Оспанов ауыл халқына мешіт салып берді. Құлшылық үйі Алматы облысының Алакөл ауданына қарасты Лепсі ауылында бой көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

150 адамға лайықталған жаңа мешіттің  ашылуына «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиев, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының наиб муфти Алау Әділбаев, Талдықорған өңірі бойынша өкіл имам Ардақ Нүсіпханұлы, Алакөл ауданының құрметті азаматы Мұқаш Байғарашов, белгілі меценат «ZHERSU» инвестициялық-өндірістік корпорациясының бақылау кеңесінің төрағасы Бауыржан Оспанов және алакөлдік иамамдар мен тұрғындар қатысты. Жаңа мешітке Ермек Утбаев имам болып тағайындалып, құран оқыды.

null

null

Соңғы жаңалықтар