Меценат Ақтөбедегі музейге 635 млн теңге бөлді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы әкімдігі мен белгілі меценат Исламбек Салжанов қатар қаржы бөліп, өңірдегі музейдің құрылысын аяқтады. Қазір музейде экспонаттарды орналастыру, залдарды әрлеу жұмысы жүріп жатыр.  ҚазАқпарат тілшісі меценаттың қолдауымен жүзеге асып жатқан жұмыс барысымен танысып қайтқан болатын.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өңірде «Туған жерге тағзым» акциясы өткен болатын. Акция аясында Қазақстанның 100 есімі жобасына енген меценат Исламбек Салжанов туған жеріне балабақша салып берген еді. Кейіннен апатты деп танылған музейдің жағдайын ескерген бизнесмен жаңа ғимарат салуға көмек беріп, музей құрылысына 635 миллион теңге қаржы бөлді. Қазіргі кезде негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, ішкі әрлеу, экспонаттарды орналастыру жұмысы басталыпты.  Бұл жұмысты «Заман-Ту» ЖШС өз міндетіне алған. Ал жергілікті мамандар ғылыми негіздерін бақылап, бағыт-бағдар беріп, жұмыстың тиянақты орындалуына үлес қосып жүр.

«Қазіргі кезде музейдегі ішкі әрлеу жұмысының бірінші кезеңі атқарылып жатыр. Музейде бес зал болады. Бірінші қабатта көрме залы қарастырылған. Егер басқа облыс, аудандардан музей экспонаттары әкелінсе, оларға арнайы орнымыз дайын. Көрме залының жанында табиғат залы орналасқан. Мұнда Ақтөбе облысы, батыс өңірінің флора, фаунасына қатысты мәліметтер көрсетіледі. Соның ішінде Ырғыз ауданындағы Жаманшың және Мұғалжар ауданындағы Шилі кратерлері бар. Бұл залда ерте дәуірдегі жануарлар мүсіні қойылып, алып бұғылардың сүйектері мен мамонттарың тісі, қабырғалары, Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының бұрышы бектітілген», - деді Ақтөбе облыстық музейі директорының орынбасары Арман Ержанов.
null

Табиғат залының төбесі де сәтті пайдаланылыпты. Онда барлығы тоғыз планетаның макеті де ілулі тұр.

«Археология залы екінші қабатта орналасқан. Онда тас дәуірінен бастап зерттеу жүргізіліп жатқан кезеңге дейінгі экспонаттар қойылады. Қола, ерте темір дәуірі, түркілік кезең және жаңа заманға қатысты археологиялық дүниелер болады. Әрі зерттеу жұмыстары кезіндегі мәліметтермен танысуға мүмкіндік бар. Ал «Алтын зал» шағын әрі бағалы. Мұнда қазба жұмыстары кезінде табылған бағалы металл бұйымдар, алтын, күмістер қойылып, экспонаттар көрсетіледі. Көшпінділер мәдениеті мен қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, бағалы металдарды игеруі туралы мәлімет берілмек»,- деді Арман Ержанов.

Музейде «Қазақ хандығы» залы да бар. Мұнда 1465-1869 жылдардағы өлкенің даму тарихы баяндалады. Ерекшелігі - «Қалмаққырылған» панносы.

«Дала ділмарлары» атты арнайы секциямыз болады. Сонымен қатар, «Қалмаққырылған» атауымен панно (қабырғаға салынған сурет) орналасады. Бұл үшін Темір ауданындағы Қалмаққырған жерінен пейзаж алынады. Осы жолмен қазақ-қалмақ шайқасы болған жердің түнұсқасын музейден көру мүмкіндігі берілмек. Бұл залда Әбілқайыр ханға ерекше орын беріліп, 1710 жылы Аралдың Қарақұмындағы кеңес көрініс табады. Сол жерге Әбілқайыр хан, Бөкенбай батыр, билер барған. Қазақ-жоңғар қарым-қатынасындағы түбегейлі өзгерісті «Хан кеңесі» арқылы береміз. Әрі мұнда «Бейбіт ауыл» кесіндемесі, XVIII-XIX ғасырлардағы Ұлт азаттық көтеріліс жәдігерлері тұрады. Бюсттер де дайындалып жатыр», - деді Арман Ержанов. 
nullnullnull

Соңғы жаңалықтар