McKinsey институтының директоры: Инвестиция салуға тартымды қалалардың бірі - Астана

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таяу арада инвестициялар үшін жарыс жолында елдер емес, қалалар мен кластерлер алға шығады. Бұндай пікірді McKinsey  жаһандық зерттеулер институтының директоры Джонатан Вотцель айтты. Астана экономикалық форумы алаңында «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында білікті сарапшы әлемдік экономика алдында тұрған сын-тегеуріндер жайында пікір білдірді.

- Бүгінде өзгерістер қарқыны өте жылдам кезеңде инвестиция салу үшін қай елдер тартымды болып отыр?

- Дәстүрлі түрде ірі экономикасы бар елдер, яғни АҚШ пен Қытай инвестициялардың басым бөлігін тартып отыр. Тартымдылық мәселесіне тоқталсақ, қазіргі кезде қалалар мен кластерлерге инвестициялар көптеп салынуда. Сондықтан да сіздің сауалыңызға жауап бере отырып, осы инвестиция үшін тартымды шаһарларды атап өткім келеді. Бұл ретте Мәскеу, Шанхай немесе Астана секілді өте керемет қалалар баршылық. Шаһарлар үшін тартымдылығын көтеруге, бәсекеге қабілеттігін арттыруға ауқымды мүмкіндіктер бар. Әр қаланың өзіндік бірегей бәсекеге қабілеттігі қалыптасуда.

- Кейбір сарапшылар болашақта Қытай экономикалық жоғары державаға айналады дегенді айтуда. Бұл тұрғыда Сіздің пікіріңіз қандай?

- Әрине, қытайлық экономиканың өсімі жалғаса беретіні анық. Нәтижесінде, бұл ел ең ірі экономикаға айналады. Дегенмен де «Қытай бұл дәрежеге қашан жетеде?» деген орынды сауал бар.  Мүмкін олар осы деңгейге алдағы 5 жылда немесе 50 жылда жететін шығар. Бұл дегеніміз, осы уақытта өзге де экономикалар өсімге ие болады, яғни АҚШ, Үндістан және Еуропа елдері қарап тұрмайды ғой. Осы орайда біз көпполярлы әлемді байқайтын боламыз. Оның бір ерекшелігіне тоқталсам, бұл тұрғыда даму үшін бәсекелестікке түскен жүйелердің әралуандығы болады.

 - Бүгінде әлемдік экономиканың алдында қандай сын-қатерлер тұр?

- Ең басты сын-тегеурін тұрақталып болып отыр, себебі әлемде барлығы жылдам өзгеріп келеді. Әлемдік экономика жақсы ұйымдастырылғанын, цифрландыру деңгейі артқанын, сондай-ақ өзара байланысқанын байқатып отыр. Бұл өз кезегінде экономикалық, әлеуметтік және экологиялық өзгерістер қарқынды жүріп жатқанын білдіреді. Осы арқылы, басты сын-тегеуріннің мазмұны біз осы өзгерістерге немесе климаттың өзгеруі сияқты қатерге қаншалықты жылдам әрекет етіп отырмыз дегенге келеді. Сонымен қатар жасанды интеллект секілді мүмкіндіктерді қаншалықты пайдаланып отырмыз?  Азаматтарымызды әлемдік жүйенің экономикалық өсіміне  қаншалықты жұмылдырып отырмыз? Сондықтан осы шараларды нығұрлым жылдам әрі жақсы іске асырсақ, табыстылық пен сәтсіздіктің айырмашылығын бірден байқаймыз.

- Қазақстан Президентінің әлеуметтік бастамаларымен танысып шықтыңыз ба?

- Мен бұл бастамалармен таныстым. Әлеуметтік бастамалар қоғамның экономикалық, әлеуметтік және экологиялық дамуы мақсаттарына толық сәйкес келедегі деген ойдамын. Бұл өз кезегінде әрбір ел үшін, оның ішінде бүгінде Қазақстанға өте қажетті бағыттар. Менің ойымша, соңғы жиырма жылда елдеріңіз үлкен табыстарға қол жеткізіп, әлемнің көптеген елдерінен озды. Сондықтан алдағы уақытта Қазақстанды жаңа мүмкіндіктер күтіп тұр.

-  Әңгімеңізге рахмет!

 

Соңғы жаңалықтар