McDonald's қызметкерлерін жаппай қысқартпақ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – McDonald's бас директоры Крис Кемпчински осы жылдың соңына дейін компания қызметкерлерін қысқартуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Dailymail басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы фаст-фуд желісі басшысының қызметкерлерге жазған хатынан белгілі болды.

«McDonald' s-та бүкіл әлем бойынша 200 мыңға жуық адам корпоративтік лауазымдарда және компанияға тиесілі мейрамханаларда жұмыс істейді, олардың шамамен 75% - ы АҚШ-тан тыс жерлерде. 2023 жылдың сәуірінен бастап қысқартулар басталады», - делінген Кемпчинскийдің хатында.

Оның айтуынша, жұмыс орындарын қысқарту қаржы үнемдеуге сеп болмайды, бірақ фирманың өсуіне және бизнесте дамуға көмектеседі. Құжатта McDonald's басшылығы компания бөлімшелеріндегі қызметкерлердің рөлі мен кадрлық қамтамасыз ету деңгейін бағалайтыны атап өтілген.

Бұған дейін McDonald's желісі әлемдегі гоесаяси процестер аясында Қазақстан нарығынан кететін хабарланған болатын. Штаб-пәтері Чикагода орналасқан бургер мейрамханасы 160-тан астам елде 2 миллион жұмыс күші бар 40 мың мейрамхананы басқарады. Оның шамамен 13 мыңы АҚШ-та.

Фото: TNS via Getty Images



Соңғы жаңалықтар