McDonald's Қазақстаннан кетеді - Bloomberg

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – McDonald's жедел тағамдану желісі Қазақстандағы жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Bloomberg басылымына сілтеме жасап.

Bloomberg-тің хабарлауынша, әлемдегі ең ірі фаст-фуд желісі Қазақстан нарығынан 6 жылдан кейін кеткелі жатыр.

McDonald's компаниясы жергілікті франчайзингіге етті ресейлік жеткізушілерден сатып алуға тыйым салған.

Еске салсақ, былтыр қарашада McDonald's-тың Қазақстандағы мейрамханалары жұмысын уақытша тоқтатқан еді.

Хабарламада айтылғандай, мейрамханаларды уақытша жабуға себеп – ет жеткізу бойынша шектеулер.

Кейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда McDonald’s-тің жабылуы туралы пікір білдірген еді.

«Бүкіл ақпаратты сіздерге айта алмаймын. Өйткені мен алған ақпаратты компанияның бас кеңесі әлі мақұлдамаған. Бірақ біршама көлемдегі тауар, 1000-ға жуық аталым импортталып келген. Кейбірі өзімізде шығарылатын. Мысалы, тоқаштарды «Байсерке-Агро» шығарып келді. Сондықтан қазір қайта құрылымдау жүріп жатыр. Біз компания басшылығынан Сауда министрлігі тарапынан қандай көмек керек екенін сұрадық. Техникалық реттеу комитетіне жұмыс жылдамдауы үшін сертификация бойынша қандай көмек бере алатынымызды қарауды тапсырдым. Бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр», - деген еді Серік Жұманғарин.


Соңғы жаңалықтар