Мәжілістің жалпы отырысында кедендік реттеу мәселесі қаралады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы орайда алдағы сәрсенбіде Мәжіліс Кедендік реттеу туралы Кодекс жобасын және оған ілеспе заң жобасын бірінші оқылымда қарайды деп күтілуде.

«Ол ЕуразЭО Кеден Кодексінің кедендік реттеу саласындағы жаңалықтарын регламенттеуді  көздейді. Оның ішінде электрондық кедендік декларациялаудың басымдығы және белгілі бір жағдайларда ғана жазбаша декларациялауды қолдану, декларацияны толтыруға негіз болған құжаттарды кеден органына ұсынбай, кедендік декларацияны беру тағы басқа да мәселелер қамтылған», - деп атап өтілген ҚР Парламенті Мәжілісі аппараты баспасөз қызметінің мәліметінде.

Сонымен қатар, осы күні Палата Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялауға байланысты заң жобасын қарайды деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар