Мәжілістің жалпы отырысында алты депутат ант берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында бірқатар депутат ант берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Конституциямызға сәйкес Парламенттің депутаттары Қазақстан халқына ант береді. Аталған әріптестеріміз белгілі себептермен біздің бірінші жалпы отырысымызға қатыса алмады. Осыған байланысты қазір Қазақстан халқына ант беру үшін Мәжіліс депутаттары, яғни Берік Әбдіғалиұлы, Анатолий Бойчин, Юрий Жулин, Вера Ким, Юлия Кучинская, Айгүл Құспан шақырылады», - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға ант етемін», - деді депутаттар Мәжілістің жалпы отырысында.


Еске сала кетейік, биыл 15 қаңтарда Мәжілісте жаңадан сайланған депутаттар ант берген еді.



Соңғы жаңалықтар