Мәжілістің жалпы отырысы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын үнсіздікпен еске алудан басталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысын саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Нәубет жылдары ұлт тарихындағы қасіретке толы ең ауыр кезеңдердің бірі. Сондықтан біз сол жылдары құрбан болған боздақтарымызға тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алайық», - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Атап айтқанда, бүгін - ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Дәл осы күні 1920 жылдардың соңында және 1932-1933 жылдар аралығында қасақана ұйымдастырылған жасанды зауалдан зардап шеккендерді де еске аламыз. Қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті.

Айта кетейік, бүгін – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні


Соңғы жаңалықтар