+7 (701) 759 90 19
USD 420.29 EUR 506.87
RUB 5.66 CNY 64.73
Jańalyqtar

Мәжілістің қазіргі депутаттары Nur Otan праймеризінде жеңіске жетті

2020 жылғы 17 қараша 15:45
Бөлісіңіз:
Мәжілістің қазіргі депутаттары Nur Otan праймеризінде жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаттары – «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Гүлнар Бижанова, Құдайберген Ержан, Балайым Кесебаева, Берік Оспанов және Артур Платонов праймериз шеңберінде аймақтардағы партия конференцияларда пікірталастарға қатысып, ең көп дауыс жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжіліс баспасөз қызметінің мәліметінше, аймақтарда партия конференциялары өтіп, Мәжіліске партиялық тізім бойынша үміткерлер арасында пікірталас ұйымдастырылды. Олардың қатарында өзекті бағыттар бойынша жұмысын жалғастыру үшін кандидатурасын ұсынған Мәжілістің қазіргі депутаттары да бар.

Атап айтқанда, Артур Платонов Алматыдағы әлеуметтік мәселелерді шешу және экологияны жақсарту жөніндегі идеясын ұсынса, Берік Оспанов Шымкент қаласында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және отандық кәсіпкерлерді қолдау мәселесін көтерді. Гүлнар Бижанова мен Балайым Кесебаева Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі ретінде Қарағанды және Қызылорда облыстарында сөз сөйлеп, қазақстандықтардың өзекті мәселелерін шешу үшін заңнаманы жетілдіру тақырыбын қозғады. Сонымен қатар Құдайберген Ержан Түркістан облысында елдің қауіпсіздігін жақсарту үшін тиімді диалог құрып, саналы шешім қабылдау қажеттілігіне назар аударды.

Пікірталас барысында Мәжілістің қазіргі депутаттары өздерінің заңнамалық жұмысының тәжірибесін, халықтың өмір сүру жағдайы мен отандық экономика салаларының өзекті мәселелерін терең білетіндерін көрсетіп, қандай да бір саладағы жағдайды жақсарту және жалпы өңірлерді дамытуға арналған нақты ұсыныс айтты. Сондай-ақ, олар маңызды тақырыптар бойынша сындарлы байланыс құра білетіндігін көрсетті.

Пікірсайыс қорытындысы бойынша Мәжілістің қазіргі депутаттары ең көп дауыс жинап, өз өңірлерінен партиялық тізімге енді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT