Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып Ә. Жолшыбеков сайланды

None
None
күйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Депутат Әмзебек Жолшыбеков ҚР Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып сайланды.

 Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз бұрын аталған комитет төрағасы Нұрбах Рүстемов Елбасының Жарлығы бойынша Қазақстанның Иран Ислам Республикасындағы Елшісі қызметіне тағайындалып, оның өкілеттігі тоқтатылған болатын. Осыған орай, бүгінгі отырыста палата Төрағасы Орал Мұхамеджанов депутат Ә. Жолшыбековтың комитет төрағалығына кандидатурасы «Нұр Отан» партиясының басшылығымен құпталғанын айта келе, оны аталған лауазымға ұсынған болатын. Палата депутаттары осы ұсынысты бірауыздан қолдап дауыс берді.

Сонымен бірге, бүгінгі отырыс барысында жаңадан сайланған Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің, ал Ирак Елекеев Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болып сайланды. 

Соңғы жаңалықтар