Мәжілістің биылғы алғашқы отырысында Бас прокурор Қаңтар жайлы сұрақтарға жауап береді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 5 қаңтар 10:00-де Мәжілістің биылғы алғашқы жалпы отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның Telegram парақшасына сілтеме жасап.

Отырыста мәжілісмендер «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының қаңтар оқиғасына қатысты сауалына ҚР Бас прокуроры Берік Асыловтың ауызша жауабын тыңдайды.

Еске сала кетейік, өткен аптада Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин қаңтар оқиғасына қатысты халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға тиісті күштік құрылымдар мен мемлекеттік органдардың басшылары Мәжіліске келіп жауап беруін талап еткен болатын.

Бұдан бөлек сағат 9:00-де ғимарат фойесінде Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі және Қорғаныс министрлігі арнайы көрме ұйымдастырады.

Тікелей эфирді Мәжілістің ресми сайты мен YouTube арнасынан және «Хабар 24» телеарнасы мен www.zakon.kz, www.inform.kz, www.tengrinews.kz, www.bag.kz сайттарынан көре аласыздар.


Соңғы жаңалықтар