+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің жаңа төрағасы сайланды

2020 жылғы 1 сәуір 10:41
Бөлісіңіз:
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің жаңа төрағасы сайланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы қызметіне депутат Бейбіт Мамраев сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Комитет төрағасы лауазымына Бейбіт Баймағамбетұлы Мамраевтың кандидатурасын ұсынамын. Б. Баймағамбетұлын жақсы білесіздер, бұған дейін көптеген жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. Соңғы бірнеше жыл бойы Мәжіліс депутаты, соның ішінде осы Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы болып, маңызды заңдарды қабылдауға өз үлесін қосып келеді. Осы салада білімі де, тәжірибесі де мол. Сондықтан аталған комитетті басқару үшін Бейбіт Баймағамбетұлы лайықты деп есептеймін», - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Еске сала кетейік, бұған дейін аталған комитеттің төрағасы қызметін Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова атқарған болатын.

Жақында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Парламент, Тағайындау,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT