Мәжілістің алдағы жалпы отырысының күн тәртібі бекіді

None
None
АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Бюро отырысы болып өтті. Онда алдағы болатын палата жалпы отырысының күн тәртібі бекітілді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Бюро бекіткен күн тәртібіне сәйкес, депутаттардың қарауына бірінші оқылымға «Жол жүрісі туралы» және «Азаматтық қорғау туралы» заң жобалары тиісінше ілеспе түзетулерімен шығарылатын болды.

Сонымен бірге, күн тәртібінің жобасына адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша екінші оқылымға заңнамалық түзетулерді шығаруды қосты.

Соңғы жаңалықтар