Мәжілістің 7 тұрақты комитеті бекітілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің 7 тұрақты комитеті бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Конституциямыздың 6-бабы 1-тармағына сәйкес, Мәжілістің тұрақты комитеттерінің саны 7-ден аспауы керек. 6-шы сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінде мынадай 7 тұрақты комитет жұмыс істеді: Аграрлық мәселелер комитеті, Әлеуметтік-мәдени даму комитеті, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті, Қаржы және бюджет комитеті,Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті»,, - деді Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Сонымен Мәжіліс төрағасы әріптестерінен тұрақты комитеттердің саны мен атаулары бойынша ұсыныстарын сұрады. Депутаттар бұған дейінгі тұрақты комитеттердің саны мен атауларын қолдап бірауыздан дауыс берді.


Соңғы жаңалықтар