Мәжілістегі «коммунистер» Астана вагон жөндеу зауытының жұмыскерлерімен жүздесті

None
None
АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Мәжілістегі «Халықтық коммунистер» фракциясының депутаттары Астанадағы вагон жөндеу зауытының жұмыскерлерімен жүздесті.

Кездесу барысында депутат Жамбыл Ахметбеков еңбеккерлер өздерін толғандырған кез келген мәселелер бойынша фракция депутаттарына өтініш жасай алатынын мәлімдеді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Еске салсақ, Ақмола вагон жөндеу зауыты Қазақстандағы бірден бір мамандандырылған кәсіпорын және машина құрылысы саласындағы аса тұрақты нысан болып табылады. Зауыт тарихы

1941 жылы Украинадан көшіріліп, шеберхана ретінде жұмыс істеуден бастаған, кейіннен вагон жөндеу зауыты ретінде қалыптасты. Өткен 66 жыл ішінде 190 мың вагон жөнделген.

«Біз жүк таситын жартылай вагондарды жөндеуге лицензия алдық және бұны жыл сайын қорғап, бекітіп отырамыз. Мұнда 536 адам жұмыс істейді», - дейді зауыттың бас директоры Зейнолла Шібкенов, депутаттарды өндіріс жұмысымен таныстыру барысында.

Бұдан соң, депутаттар парламенттік қызмет туралы әңгімеледі. Онда әсіресе әлеуметтік сала жайында көбірек сөз болды.

Соңғы жаңалықтар