Мәжілісте «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заң жобасы қаралады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің депутаттары «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заң жобасын қарайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аталған заң жобасы Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауының Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында әзірленді. Заң жобасының мақсаты – жеке қосалқы шаруашылықтардың қызметін мемлекеттік реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру. Аграрлық мәселелер комитеті осы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы, депутат Ерлан Барлыбаев палатаның жалпы отырысында.

Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке қосалқы шаруашылықтардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасын да талқылайды.

«Заң жобасы жергілікті өкілді және атқарушы органдарға жеке қосалқы шаруашылықтардың қызметін дамыту әрі нығайту бойынша қосымша өкілеттіктер беру үшін әзірленді. Құжаттың мақсаты – қолданыстағы заңнамалар нормаларын жаңадан әзірленген «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заң жобасымен сәйкестендіру. Аграрлық мәселелер комитеті осы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Е. Барлыбаев.


Соңғы жаңалықтар