+7 (701) 759 90 19
USD 380.84 EUR 419.50
RUB 6.05 CNY 54.90
Jańalyqtar

Мәжілісте жедел жәрдем қызметіне қатысты ел тұрғындарының ұсынысы айтылды

2020 жылғы 15 қаңтар 15:22
Бөлісіңіз:
Мәжілісте жедел жәрдем қызметіне қатысты ел тұрғындарының ұсынысы айтылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов жедел жәрдем қызметіне қатысты ел тұрғындарының ұсынысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс бюросының отырысын өткізді Қазақстанда кәсіпорынның ядролық және радиациялық қауіпсіздікке қайта сараптамадан өтуі алынып тасталады Аттестациядан өтпеген атом энергиясын пайдалану қызметкерлеріне қайта тапсыру құқы берілмек

Аталған мәселеге байланысты ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың атына депутаттық сауал жолданды.

«Біраз уақыттан бері «жедел жәрдем» қызметі орталықтандырылды. Бүгінде кез келген өтінім алдымен облыс орталығына жеткізіледі, сонда қабылданып, тіркелгеннен кейін ғана аудандағы «жедел жәрдем» қызметіне облыстан тапсырма беріледі. Сондай тапсырма алынбайынша «жедел жәрдем» ауыр науқасқа аттана алмайды. Мұның бүкіл облыстағы жағдайды бір уыста ұстап отыруға мүмкіндік беретініне, тапсырысты үйлестіруде өзіндік артықшылығы барлығына дау айта алмаспыз, бірақ уақыттан ұтылдыратынына, ал байланыс болмай немесе өтінім алуға тиісті адам орнынан табылмай қалған жағдайда қатерлі екендігіне күмән жоқ», - деп тоқталды С. Абдрахманов ҚР Парламенті Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттар сауалын жариялау барысында.

Оның айтуынша, сайлаушылар «жедел жәрдем» қызметін үйлестіруді бұрынғыдай аудандық денсаулық сақтау бөлімдерінің қарамағында қалдыруды ұсынады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT