Мәжілісте заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне жаңа төраға сайланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы қызметіне Қанат Мусин сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Комитет төрағасы кандидатурасын ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин ұсынды.

«ҚР Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы заңға сәйкес, комитет төрағасын палата төрағасы ұсынады. Сондықтан, аталған заңның 8-бабына сәйкес, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы лауазымына депутат Қанат Сергейұлы Мусиннің кандидатурасын ұсынамын. Баршаңыз жақсы білесіздер, осы комитетте жылдар бойы заң саласында жұмыс істеді. Көптеген маңызды заңдардың қабылдануына үлес қосты. Оның осы салада білімі де, тәжірибесі де өте мол», - деді Н. Нығматулин.

Бұған дейін заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы болған Нұрлан Әбдіров ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары болып сайланды және депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.


Соңғы жаңалықтар