Мәжілісте тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңнаманы жетілдіру қызу талқыланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Балалардың аман-есендігі – бұл барлық мемлекеттік органдардың басты міндеті. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған ҚР Президенті Жолдауы аясындағы әлеуметтік басымдықтарды талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін біз осынау стратегиялық құжаттың «Отбасылық-демографиялық саладағы жаңа саясат туралы» атты маңызды бағыттарының бірін талқыламақпыз. Толықтай алғанда, Мемлекет басшысының бұл саладағы жағдайға қатысты жария еткен шынайы мәліметтері өкінішке орай, жылдан жылға нашарлап, ажырасу саны, балалаларға қатысты зорлық-зомбылық артып, баласыз жұптар саны ұлғайып отыр. Сондықтан Президент бұл саладағы басты басымдық ретінде мемлекеттік деңгейде балаларға қамқорлық деп белгілеп берді. Яғни, балалардың амандығы– бұл барлық мемлекеттік органдардың басты міндеті», - деді министр Президент Жолдауын талқылауға арналған онлайн дөңгелек үстел отырысында.

Оның атап өтуінше, бұл бағытта мемлекет тарапынан нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Отбасылық-гендерлік саясат тұжырымдамасы бекітілген. Үкімет те тиімді жоспар қабылдап отыр. Онда нақтыиндикаторлар, іс-шаралар мен жоспарлар көзделген.

«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өз кезегінде биыл репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсету жөніндегі гранттық жобаларды жүзеге асырады. Бүгін Мәжілісте отбасылық-гендерлік саясат және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қызу талқыланды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар