+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Мәжілісте тегін медициналық көмектің кепілді көлемін жетілдіруге бағытталған жоба талқыланды

2009 жылғы 22 қыркүйек 12:56
Бөлісіңіз:

АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті.

Басқосуда комитет мүшелері Үкімет «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тегін медициналық көмектің кепілді көлемін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған заң жобасы еліміздегі денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды жетілдіру әрі медициналық қызметтер сапасын үздіксіз арттыру мақсатында әзірленген. Сонымен бірге, құжат Үкіметтің 2009 жылғы тамыздың 4-індегі қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 4 және 5-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

Бұдан басқа, заң жобасымен қолданыстағы кейбір заңнамалық актілердің жекелеген нормаларын Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне сәйкес келтіру көзделіп отыр. Заң жобасының міндеттері - Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне сәйкес жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды өтеу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тұлғасында бірыңғай төлеушінің халыққа стационарлық және стационарды алмастыратын көмек қызметтерін көрсету жөніндегі функцияларын іске асыру үшін құқықтық негіз құру болып табылады.

Осы мақсаттағы құжатты қабылдау денсаулық сақтауды басқарудың тиімді және айқын жүйесін құруға, мемлекеттік нормативтерге сәйкес желіні қайта құрылымдауға септігін тигізеді. Бұдан басқа, құжат медицина саласында кәсіби менеджмент институтын енгізуге және сыбайлас жемқорлықты азайтуға мүмкіндік жасайды деп күтілуде.

Комитет депутаттары заң жобасын талқылап, құжатты палатаның жалпы отырысына шығару туралы шешім қабылдады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT