Мәжілісте тегін медициналық көмектің кепілді көлемін ұсыну жөнінде Үкімет сағаты өтті

None
None
АСТАНА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілді көлемін ұсыну жолдарын жақсарту» атты тақырыпта Үкімет сағаты болып өтті.

Жиында ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев баяндама жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Денсаулық сақтау саласы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясымен тығыз байланысты болып табылады. Сонымен бірге, еліміздегі денсаулық саласын дамыту «Нұр Отан» ХДП бағдарламасында және Елбасының жыл сайынғы халыққа жолдауларында жүктелген міндеттер аясында атқарылатын болады. Ең бастысы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау саласын 2020 жылға дейін дамытумен бірге халыққа ұсынылатын көмектің сапасын арттыру мәселесі жүзеге асып келеді. Денсаулық сақтау кодексі қабылданды. Осы құжатта азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілді көлемін ұсыну жолдары да қамтылған болатын», деді баяндама барысында Денсаулық сақтау министрі Ж. Досқалиев. Министрдің айтуынша, соңғы бес жылда денсаулық сақтау саласына мемлекет тарапынан бөлінген қаражат 3,5 есеге, сонымен бірге кепілдендірілген медициналық көмек мөлшері де 3,5 есеге артқан. «Демек, Үкімет пен мемлекет тарапынан медицина саласына тиісті қолдау жасалып, қаражат жеткілікті бөлініп отыр деп айтуға болады», деді Ж. Досқалиев.

Соңғы жаңалықтар